Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші хорватиялық Лучия Чирич-Багаричпен бірге жартылай финалда ресейліктер Екатерина Приданкина – Анастасия Тихоноваға тап келді.
Бұл кездесудің фавориттері ресейлік жұп еді, өйткені олар доданың 1-ракеткасы болып тіркелген еді.
Матч 7:5, 6:3 есебімен ресейліктердің пайдасына шешілді.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсекеде Құламбаева - Чирич-Багарич 1 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Ресейлік дуэт 2 эйс, 4 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.
Тағы бір қазақстандық Александр Бублик америкалық Бен Шелтонмен бірге жұптық сында Шанхай (Қытай) ATP 1000 турнирінің алғашқы айналымында Беларусь өкілі Иван Лютаревич – ресейлік Даниил Медведевке есе жіберді – 4:6, 3:6. Бұл ойын небәрі 51 минутта аяқталды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның жұптық сында Түркиядағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған едік.
Сондай-ақ Александр Бублик Шанхай мастерс турнирінің үшінші айналымына өтті.
Юлия Путинцева Қытайдағы жарысты жеңіспен бастады.