Қазақстандық, әлемнің 493-ракеткасы Жібек Құламбаева Бангалор (Үндістан) ITF турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда үндістандық Таниши Кашиалмен шеберлік байқасты.
Жібек қарсыласын 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Жібек Құламбаева ширек финалға шығу үшін тағы бір үндістандық теннисшімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның жұптық сында Үндістандағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық теннисші Евсеев Испаниядағы турнирдің екінші айналымына шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).