«Түркияда қазір ғимараттарға келтірілген залалды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 1 млн 188 мыңға жуық ғимарат зерттелді. Оның ішінде 156 мың ғимарат қираған немесе құлау қауіпінің алдында тұр», - деп мәлім етті елші.
Қоса кетейік, ол сонымен бірге Түркия халқына көмек ретінде қазақстандықтар 5 млн доллар жинағанын айтты. Уфук Екиджи қолдау білдірген ел Үкіметі мен барша азаматтарымызға алғыс білдірді.
Еске салайық, 6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.
Қазақстандықтар зілзаладан зардап шеккен Түркия халқына көмек көрсету үшін 5 млн доллар жинады.