Жер сілкінісі: бөгеттер мен өзен арналары тексерілді

Фото: ШҚО ТЖД Баспасөз қызметі

ҚОНАЕВ. KAZONFORM – Алматы облысында өзен арналары, көшкін және сел қауіпті учаскелер тексерілді.

– «Қазселденқорғау» АТЭТУ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді. Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр,– делінген ТЖМ хабарламасында.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты.

Бұған дейін, Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінгені туралы жазған едік. 

Осыған дейін, 25 қараша күні жер сілкінісі бір уақытта еліміздің бірнеше қаласында сезілгені туралы жазған едік.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті Алматыда күшті жер сілкінісі болған жағдайда санаулы сағатта бас сауғалайтын база құрылатыны туралы айтқан болатын. 

Сондай-ақ Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Елизавета Есенжігітова алматылықтар жер сілкінісіне әрқашан дайын болу керектігін ескерткен еді.