АСТАНА. KAZINFORM — ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.
Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.
— Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді, — делінген хабарламада.
Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты.
Еске сала кетейік, Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 63 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)