Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Жетісу облысы бойынша ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп басқармасының қызметкерлерін ұстау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
- ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-тармағына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды, - делінген құжатта.
Әлеуметтік желілерде, соның ішінде Telegram мессенджерінде, Тәуелсіздік күнін мерекелеуге бір күн қалғанда аталған ведомство қызметкерлерінің ұсталуы және қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Сондай-ақ тергеу шаралары барысында Алматы облысының лицензиялық-рұқсат беру жүйесі қызметкерлері де тексерілуі мүмкін делінген.
Ресми органдар әзірге істің басқа деректері бойынша ақпарат бермеді.
Айта кетейік, Қостанай облысында 2 млрд теңгені жымқырған экс-басшы мен орынбасары ұсталды.
Соныпен қатар жазаны жеңілдету үшін 2,5 млн теңге сұраған прокурорға үкім шықты.