Жоғарғы сот төрағасы АЭС бойынша референдумда дауыс берді

АСТАНА. KAZINFORM – Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев АЭС бойынша референдумға орай ашылған елордадағы № 204 учаскеде дауыс берді.

Фото: Данияр Ищанов/ Kazinform

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс береді. 

Республикалық референдум бюллетенінде бір ғана сауал болады: Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе? Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды: «Иә, келісемін» немесе, «Жоқ, келіспеймін».

Өздерінің конституциялық құқығын Корея Республикасындағы Қазақстан азаматтары алғашқылардың бірі болып жүзеге асырды. 

1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы. 

Сағат 10.00-дегі жағдайы бойынша республиканың 2 млн 178 мың 593 азаматы бюллетенді алған болатын. Ол тізімге енген азаматтардың 17,79 пайызын құрап отыр.