Құжат жол инфрақұрылымын тексеру тәсілдерін жетілдіруді, диагностикаға цифрлық технологияларды тартуды және халықаралық тәжірибе алмасуды көздейді.
Меморандум аясында жапондық компания Ұлттық орталыққа консультациялық қолдау көрсетеді. Атап айтқанда MMS жүйесін орталықтың жұмысына ықтимал енгізу жолдары зерделеніп, оны қолдану әдіснамасы мен техникалық талаптары бойынша ұсыныстар әзірленеді.
Жұмыстың қорытындысы бойынша Aero Toyota Corporation жүйені қолдану әдіснамасы мен техникалық сипаттамалары қамтылған толық есеп негізінде MMS технологиясын Қазақстандағы жол инфрақұрылымын диагностикалау кезінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылмақ.
Бұдан бөлек тараптар жол-құрылыс материалдарының сапасын арттыру, автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп-ұстау тәжірибесін жетілдіру бағытында да бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ жолдарды мониторингтеу, диагностикалау және паспорттау саласында цифрлық технологияларды дамыту, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі болмақ.
Айта кетейік, бұған дейін, Toyota мен Waymo 2027 жылы Жапонияда жүргізушісіз такси қызметін іске қосатынын жазған едік.