Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, көрсетілген шығын көлемі күн сайын өзгеріп тұрады. ҚазАқпараттың ресми сауалына жолданған жауапта осылай делінген.
«Ішкі істер органдарында Қылмыстық кодекстің 217-бабы (қаржы пирамидалары) бойынша тіркелген істердің жалпы шығыны 600 млн теңгеден асады. (Бұл сан күн сайын өзгеріп отырады)», - деп жазады ІІМ мамандары.
Министрліктің мәліметіне сүйенсек, 2022 жылдың 5 айында ішкі істер органдарында қаржы пирамидалары бойынша 27 қылмыстық іс тіркеліп, оның жетеуі ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне жолданған. Компаниялардың үстінен жедел тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша 32 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның 14-і қамауда.