22 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 22 қыркүйек күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де EХРО ғимаратында Еуразиялық халықаралық зерттеулер қауымдастығы «Астана» халықаралық университетімен, «Еуразиялық мониторинг» ОАИ-мен бірлесіп және Қытай Елшілігінің қолдауымен «Белдеу және жол» бастамасы: идеядан іске асыру практикасына» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау» туралы онлайн брифинг өтеді. Спикерлер: Астана қаласының сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Нұрғали Егембердиев.
Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді.
12.00-де «Sputnik Қазақстан» мультимедиялық баспасөз орталығында «INNOPROM көрмесі Қазақстанда: Сарапшылар Ресеймен өнеркәсіптік кооперацияның келешегін талқылайды» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
12.00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Qazaq Kuresi қауымдастығы, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт академиясы, «Білім болашағы» қоғамдық қоры және Астана қаласының Қазақ күресі федерациясы дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауды жетілдіру және қазақ күресін дамытып, оның аясын кеңейту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды.
15.00-де ҚР Ұлттық музейінде Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Тарихи тұлғалар» жобасы аясында дарынды жазушы, публицист Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған «Жасын ғұмыр жазушы» атты көркемсөз оқу кеші өтеді.
17.00-де Hilton Astana қонақ үйінде Еңбек күніне арналған форум, еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері арасында жыл сайын «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.
18.00-де Қазмедиа орталығының концерт залында «URKER – 2023» ұлттық байқауының сыйлығын марапаттау рәсімі өтеді.