20:51, 20 Қыркүйек 2023 | GMT +5
20-қабаттағы терезеде ілініп тұрған: Астанада күзетші баланы құтқарды
Әлеуметтік желілерде «Highvill Astana» тұрғын үй кешенінің терезе жақтауында ілініп тұрған баланы құтқару сәтінің видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

19 қыркүйек күні сағат 16:00 шамасында «Ramad» ЖШС пультіне – аға кезекші Төреқұлов Нарұл Батырқұлұлына аталған үйдің С блогында 20-қабаттағы терезеде бала ілініп тұрған туралы ақпарат түскен.
Күзетші дереу жоғарыға көтеріліп, пәтерге енген. Баланы терезе жақтауынан тартып алып, ішке кіргізген. Солай, оның өмірін сақтап қалды.
«Баланың 10 жасар қыз екені белгілі болды. Қазіргі уақытта оның жағдайы жақсы, ата-анасына тапсырылды», - делінген Instagram-дағы пабликте.
Посмотреть эту публикацию в Instagram