Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысындағы жер асты дүмпуін Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 19 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 06:57-де тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жер сілкінісі
Фото: из открытых источников

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 149 км жерде, Кеген ауданының аумағында Алғабас ауылынан 58 шақырымда таулы аймақта орналасқан», - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,3, магнитудасы MPV 4,6.Тереңдігі 20 км.

"Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарға, Полиция басқармасына, Казселденқорғауға, Прокуратураға және өзге де ұйымдарды хабарлады, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ»,- деп атап өтті Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар