Бейруттағы АҚШ елшілігіне шабуыл жасалды

Бейруттағы АҚШ елшілігінің ғимаратына әлдекімдер оқ жаудырды. Шабуыл жасағандардың жеке басы әлі анықталған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бейрут
Фото: Anadolu Agency

Ливан ақпарат құралдарының хабарлауынша, ел астанасының солтүстігінде орналасқан АҚШ елшілігінің ғимаратына қарулы шабуыл ұйымдастырылды.

Атыс салдарынан ғимараттың бас қақпасы мен алдындағы автотұрақта тұрған көліктерге бірнеше тиген.

Елшілік әзірге шабуылға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Шабуыл барысында қандай қару қолданылғаны, қаза тапқандар мен жараланғандар бар-жоғы да хабарланбады.

Бір айта кетерлігі, бұл оқиға 1984 жылы 20 қыркүйекте АҚШ елшілігіне жарылғыш зат қойылған көлік шабуылының 39 жылдығына тұспа-тұс келді.

Содан кейін лаңкестер Бейрут халықаралық әуежайының жанындағы Хальдадағы теңіз жаяу әскерлерінің штаб-пәтеріне шабуыл жасаған.

Жарылғыш зат тиелген жүк көлігі әскери казарма қоршауын бұзып өтіп, салдарынан 241 жаяу әскер қаза тапқан еді.

Соңғы жаңалықтар