1 желтоқсан күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 1 желтоқсан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

маңызды шаралар аңдатпасы
Фото: Kazinform

9.00-де Түркі Академиясы және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірлесіп «Түркі әлемінің тұңғыш әйел адвокаты – Сүрейя Ағаоғлы» тақырыбында халықаралық семинар өтеді.

11.00-де ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық ән фестивалі лауреаттарының гала-концерті өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мүгедектігі бар студенттері ҚР Парламенті Мәжілісіне экскурсияға барады.

Соңғы жаңалықтар