10 қазан күні Астанада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 10 қазанда болатын маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА
10:00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысы өтеді.
10:00-де Мәжілісте Еділ Жаңбыршиннің төрағалығымен Экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің тақырыптық отырысы өтеді.
10:00-де Достық үйінде Астана қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырған мемлекеттік қызметшілерге арналған екі күндік семинар-тренинг басталады, оның мақсаты – этносаралық келісім саясатын жүзеге асыру қағидаттарын үйрету.
10:30-да Орталық Азияға арналған климаттың өзгеруі және жасыл энергетика бойынша Жобалық кеңсе (CACF) және БҰҰ Сауда және даму конференциясы (ЮНКТАД) бірлесіп ұйымдастырған тұрақты даму бойынша инновациялық және кешенді стратегиялар жөніндегі бірінші ұлттық консультация өтеді.
11:00-де Астана қаласындағы «AMANAT» партиясының қалалық филиалы жанындағы Экологиялық кеңес мүшелерінің «Астана Эко-Полигон» ЖШС-іне көшпелі мониторингі өтеді.
11:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мектепке дейінгі білім беруді дамыту» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
14:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ЖРВИ, тұмау және алдын алу шаралары бойынша қазіргі эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
15:00-де ҚР Президенттік орталығы мен Парламентаризм институты бірлесіп, Қазақстан Республикасының МАГАТЭ-ге мүше болғанына 30 жыл толуына арналған «Қазақстан бейбіт атом жолында: үрдістер мен перспективалар» атты халықаралық конференция өткізеді.