10 қазанда Астанада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
Кazinform агенттігі 10 қазан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Үкіметтің кезекті отырысы өтеді. Күн тәртібінде 2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы; жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары; техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері қаралады.
11.00-де SILTEME пресс-клубында Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі мен жеке медициналық орталықтарының диалогына арналған баспасөз мәслихаты басталады.
11.00-де BCC Centre бизнес орталығында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркеновпен елорданың бизнес-қоғамдастығының кезекті кездесу өтеді.
11.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Жастарды жұмысқа орналастыру туралы: алғашқы жұмыс орны, жастар практикасы және ұрпақтар келісімшарты» туралы онлайн брифинг өтеді. Спикерлер: Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Олжас Омар, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров. Тікелей эфир Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі ресми парақшасында жүргізіледі.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жастар кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі шаралар туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов; Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Роллан Құспан; «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» комерциялық емес ақционерлік қоғамы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Арман Ашкин; «Түпқараған жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, 2023 жылы Алматы қаласы және Маңғыстау облысында «Zhas project» жобасын іске асыру бойынша грант алушы Наурызбек Мағдатов; Мәжіліс депутаты, 2021 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері Динара Наумова. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
15.00-де Қазмедиа орталығында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Қазақстан жастары: Мемлекет басшысының жолдауы аясында» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылады.
15.00-де Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов журналистер сұрағына жауап береді.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында Батыс Қазақстан облысының камералық оркестрі «Елордаға Ақ Жайықтан сәлем» концертін ұсынады.