10 көлік соқтығысқан - Қостанайда ірі жол апаты болды

Қостанайда ауа райының қолайсыздығы салдарынан бірден 10 көлік соқтығысты. Зардап шеккен бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform.

трасса
коллаж: Kazinform/ Қостанай облысы ПД

Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.

- 26 желтоқсан күні сағат 11.10 кезінде Қостанайдағы Абай даңғылы бойындағы «Астықжан» сауда үйінің маңында 10 көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды. Қазіргі уақытта оқиға орнынан бір адам медициналық мекемеге жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының себебі анықталып жатыр, - делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін қатты жел салдарынан Лисаковта жаңа жылдық шырша құлап, Тобылда көпқабатты тұрғын үйдің шатыры опырылып түскен болатын.

Соңғы жаңалықтар