Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Лисаков қаласындағы бас шырша құлап қалды

Лисаков қаласының бас шыршасы қатты желге төтеп бере алмай, құлап қалды. Шырша ауа райы жақсарған соң қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Kazinform.

шырша құлады
Фото: t.me/NashaGazetaKst

- 23 желтоқсанда Қостанай облысының Лисаков қаласында екпіні 23м/с жеткен желдің салдарынан жаңа жылдық шырша құлап қалды. Қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің және «Уста+» ЖШС мердігерлік ұйымының өкілдері оқиға орнына дереу жетті. Қазіргі уақытта шырша бөлшектерін алаңнан алып кетті, - деді Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Саят Жүсіпов.

Ол ауа райы жақсарған соң шырша қалпына келтірілетінін айтты.