14:58, 25 Тамыз 2014 | GMT +5
100 метрден астам кабель сымын ұрлағандар ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Жамбыл станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері бір тәулік ішінде 729 018 теңгенің ұрлығын ашты, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Көлік полицейлері жедел-іздестіру шарасы барысында, салынып жатқан әуежайдың аумағынан 101 метр кабель сымын ұрлаған Тараз қаласының тұрғындарын ұстады. Тексеру кезінде олардан ұрланған кабель сымдары тәркіленді.
Қазір осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 175-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу амалдары жүргізілуде.