№ 104 станциясына LRT-ның үшінші құрамы көтерілді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Қабанбай батыр даңғылы бойында «Астана жұлдызы» стелласы маңындағы № 104 пен № 105 станциялары арасындағы жол аймағында LRT жүйесінің үшінші пойызы эстакадалық жолға көтерілді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті.

Құрам төрт вагоннан тұрады.
Оларды көтеру жұмысы LRT жүйесінің сынақ учаскесін кеңейту аясында жүргізіліп жатыр.

18 қазанда сағат 11.00-13.00 аралығында Ш. Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында, № 113 (Министрліктер үйі) және № 114 (Ұлттық музей) станциялар арасындағы аралықта LRT төртінші құрамы қойылады деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, маусым айында №101 станциясына алғашқы LRT құрамы көтерілген болатын.
Ал шілде айында LRT депосы 50%-ға дайын екені хабарланды.
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек LRT ресми түрде қашан іске іске қосылатынын, әрі жол жүру ақысы қанша болатынын айтты.