109 ақтөбелік жүргізуші мас күйінде ұсталды

30 маусымда жол полициясының инспекторлары Сәнкібай батыр даңғылында «Мицубиси» көлігін тоқтатты. Оның жүргізушісі есірткілік мас күйінде болды.
Полиция патрулін көрген жүргізуші кенеттен жылдамдықты төмендетіп, тоқтатуларына қарамастан қастарынан өтпекші болды. Жол полициясының инспекторы оны тоқтата алды, бірақ 30 жастағы жүргізуші күдік тудыртып көп сөйлей қоймады. Ол медициналық куәландыруға жіберілді. Сараптама ер адамның есірткілік мас күйінде екенін көрсетті, оның көп сөйлемеуі де содан болды. Азаматқа қатысты әкімшілік материал толтырылды, көлік айыппұл тұрағына қойылды. Енді ол 2 жыл мерзімге көлікті жүргізу құқығынан айырылады.
«Қауіпсіздік аптасы» жедел-алдын алу шарасы маусымның 26-нан 2 шілдеге дейін өткізілуде. Бұл күндері облыстық жол полициясының жеке құрамы қызметін күшейтілген нұсқада жүргізуде. Қала сыртындағы тас жолдарда, әсіресе демалыс орындарына апаратын бағыттарда бақылау күшейтілді. Автомобиль жолдарында қажетті белгілердің бар-жоғы тексерілуде.
Жедел алдын алу шарасын өткізу уақытында жол полициясының қызметкерлері жол қозғалысының 2 958 бұзушылығын анықтады, соның ішінде 109-ы - көлікті мас күйінде жүргізу, 401-і - жылдымдықты асыру, 608-і - қауіпсіздік белдіктерін қолданбау, 86-сы - жаяу жүргіншілерге жол бермеу, 363 бұзушылықты жаяу жүргіншілер жасады.