11 наурызда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

11 наурызда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық
Фото: Алматы әкімдігі

2026 жылғы 11 наурыз сағат 08:30-дағы жағдай бойынша келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жеңіл көліктердің қозғалысы жанданды:

Жамбыл облысы

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 534-593-шақырымы (Айша-бибі ауылы – Түркістан облысының шекарасы аралығы).

Түркістан облысы

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 593-654-шақырымы (Жамбыл облысының шекарасы – Машат ауылы аралығы).

Жабық жолдар

Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар келесі жол учаскелерінде қозғалыс шектелді:

Қостанай облысы

• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай» автожолының 418-539-шақырымы (Қарабалық кенті – Қостанай қаласы аралығы).

Жолды 2026 жылғы 11 наурызда сағат 18:00 шамасында ашу жоспарланып отыр.

Павлодар облысы

* «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болатынын, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсетінін болжаған еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум