11 жылдың ішінде қару тапсырған қазақстандықтарға 1,9 млрд теңге төленді

«Қаруды қолдана отырып жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында ІІМ халықтан заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу бойынша республикалық акцияны 2008 жылдан бері өткізіп келеді. 11 жылдың ішінде аталған акция барысында жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге 56 мыңнан астам атыс қаруы және 2 млн астам ойық қарудың патрондары ерікті түрде тапсырылды. Өткен жылдың қортындысы бойынша жалпы сомасы 89 млн теңгеге 1 400-ден астам ойық қару қабылданды. Оның ішінде ең көп қару Түркістан облысында тапсырылды. Бұл шаралар кирминогендік ахуалға оң септігін тигізді. Соңғы бес жылда қарумен жасалған қылмыстардың саны едәуір азайған», - деді Асылбек Ыдырысов.
Спикердің айтуынша, биыл қару тапсыру акциясы 10 сәуірде басталады. Ол үшін республикалық бюджеттен 89 млн теңге бөлінген.