14 наурызда елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 14 наурыз күні өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

аңдатпа
Фото: Pexels

АСТАНА

10:00-де Медициналық студенттік форум өтеді.

11:00-де ҚР Ұлттық музейінде Наурыз – Көктемгі жаңару және бірлік күніне арналған «Аңыз әлемінде» атты балалар ертеңгілігі өтеді.

11:00-де ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Наурыз. Таным. Тарих» атты интерактивті экскурсиялар апталығының салтанатты ашылуы өтеді. 

11:00-де Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде кинотанушы, өнертану кандидаты Гүлнара Мұршалимованың «Қазақ көркемсуретті балалар киносының даму кезеңдері (1950-2010 жж.)» монографиясының таныстырылымы өтеді.

15:00-де «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңес мүшелері Астана қаласының «Мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық қорына барады. 

15:00-де Астана қаласының Достық үйінде түрлі жастағы адамдарды біріктіріп, ұлттық дәстүрлерге құрмет, өзара түсіністік пен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыратын мерекелік шара өтеді. 

19:00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Алтайдан ауған ел» драмасы сахналанады. 

19:00-де Astana Opera театрында «Арнау» мерекелік концерті өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар