15 елдің қауіпсіздік кеңесінің кеңесшілері Киевке барды

АСТАНА. KAZINFORM – Украина астанасына келіссөздер жүргізу үшін 15 мемлекеттің (14 еуропалық мемлекеттің және Канаданың) дипломатиялық және қауіпсіздік кеңесінің өкілдері жиналды. Сондай-ақ олардың арасында НАТО мен Еуропалық кеңес және Еуропалық комиссия өкілдері де бар, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Украина
Фото: pixabay.com

АҚШ өкілдері болса, жиынға онлайн байланыс арқылы қатыспақ.

Жиынға қатысушылар АҚШ пен Ресейдің қатысуымен жүріп жатқан Украина қауіпсіздігінің кепілдігін талқыға салмақ.

- Киевтегі консультациялар үш кезеңнен тұрады. Бірінші блок – құжаттармен жұмыс, екінші блок – экономикалық даму кешені бойынша жұмыс, үшінші блок әскери-саяси жұмыстарға қатысты болмақ, - деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рүстем Умеров.

Ол жиындардың қайсысына АҚШ өкілдері қатысатынын айтты.

Рүстем Умеров биыл келіссөздер бейбіт келісіммен аяқталады деген үмітте екенін жеткізді.

- Мен 2026 жыл бейбітшілік жылы болады деген үміттемін - деді және кездесуге қатысушылардың барлығына Украинаға көрсеткен қолдауы мен келіссіздерге қатысқаны үшін алғыс айтты.

Кездесудің мақсаты - бейбіт келісім кешені аясында құжаттарға қол қою.

Сонымен қатар бас штаб бастықтарымен қауіпсізді кепілдігі бойынша кездесу өткізу жоспарланған.

Осыған дейін Трамп Украинадағы соғысты тоқтату туралы келісім аяқталуға жақын екенін айтқан болатын.

 

Соңғы жаңалықтар