150 адам жалған құжатпен Қазақстанға кірмек болған

«Елімізге келетіндердің ағыны артып келеді. Сонымен қатар Қазақстанға заңсыз немесе жалған құжаттармен кіруге әрекет жасаған шетелдіктердің саны артты. Атап айтқанда, кіру-шығу өткелінде бөтен және жалған құжаттар мен Қазақстан Республикасы визаларын қолданған 150-ден астам адам ұсталды. Бұл адамдар елге кіргізілмей, өз елдеріне депортацияланды», - деді Ғ. Ағаділов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, заңнаманы бұзғаны үшін 5 мыңнан астам адам және 10 көлік компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұнымен қоса, қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 227 Қазақстан азаматы мен шетелдіктер ұсталды.
«Паспорттық бақылау барысында шет мемлекеттердің азаматтығын алған Қазақстан Республикасының 254 азаматы анықталды. Бұл адамдарды Қазақстан азаматтығынан шығару және әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ішкі істер органдарына тапсырылды», - деді Шекаралық бақылау департаменті бастығының бірінші орынбасары.