16 ақпан күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 16 ақпан күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

аңдатпа
Фото: Kazinform

9.00-де «Айша бибі» қонақ үйінде «Мал жемдеу және сату мәселелері» тақырыбында форум өтеді.

12.00-де «Рэдиссон Астана» қонақ үйінде «ҚР 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының» талқылауға шығарылған жобасын қайта қарау туралы петиция қабылдау» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

15.00-де Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде ҚР Туризм және спорт министрлігінің 2023 жылғы қызметі және туризмді дамыту саласындағы 2024 жылға арналған негізгі міндеттері туралы кеңейтілген алқа отырысы өтеді.

16.00-де Maqsut Narikbaev University-де ҚР Парламенті Сенатының жобалық кеңсесінің отырысы өтеді.

Соңғы жаңалықтар