16 мамырда елімізде өтетін маңызды іс-шаралардың аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 16 мамырда елімізде өтетін маңызды оқиғалардың алдын ала шолуын ұсынады.

АСТАНА
08:00-де EXPO Халықаралық көрме орталығында отандық өндірушілердің «Ulttyq ónim» VIII көрмесі өтеді.
09:15-те Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстандағы жоғары оқу орындары, орта және бастауыш мектептер арасында Қытай тілі бойынша әлемдік «Қытай көпірі» байқауының 2025 жылғы қазақстандық кезеңінің финалы өтеді. Шараны Қытай Халық Республикасының Елшілігі мен Қазақстандағы бес Конфуций институты ұйымдастырады.
10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы басталады.
10:00-де «Барыс Арена» ғимаратында Counter-Strike 2 бойынша ірі PGL Astana 2025 турнирі өтеді.
10:00-де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазіргі заманғы мәдениет контексіндегі медиалық және әдеби дискурстар: үрдістер, мәселелер және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
11:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Сақтандыру нарығын дамытудың жаңа бағыттары» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
14:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «2024–2025 оқу жылының аяқталуы: негізгі жетістіктер мен қорытындылар» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
17:20-да «Астана Опера» театрында «Опералия» халықаралық фестивалінің ашылуына және Ролан Петидің бір актілі «Арлезианка», «Жігіт пен өлім» және «Кармен» балеттерінің премьерасына арналған баспасөз конференциясы өтеді.
19:00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрының Qalleki театр зертханасы «Шеңбер» спектаклінің премьерасын ұсынады.