16 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM - Синоптиктер 6 қаңтарға Қазақстанның 16 облысында және Астана қаласында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Буран в Астане: спасатели обратились к жителям
Фото: Астана әкімдігі

Кәсіпрын таратқан деректерге қарағанда, 6 қаңтар күні Астанада қар жауып, боран соғады. Күндіз көктайғақ болуы ықимал. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетіп, кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Ақмола облысында да қар мен боран, күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с, облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталық бөлігінде түнде қар мен боран күтіледі. Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде екпіні 15–20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман мен көктайғақ болуы ықтимал.


Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, кей жерлерде жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, боран соғады. Түнде облыстың батысында қалың қар түсуі мүмкін. Бірқатар ауданда көктайғақ пен тұман күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қар мен боран болжанады, күндіз көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Абай облысының батысы мен солтүстігінде күндіз қар жауып, боран соғады, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман болады. Желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 28 м/с-қа дейін жетеді.

Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, боран және көктайғақ күтіледі. Кей аймақтарда тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде күндіз қар мен боран болады. Облыстың бірқатар бөлігінде тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ таулы аудандарда тұман мен көктайғақ болжанып отыр. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және таулы өңірлерінде тұман түседі.

Павлодар облысында қар жауып, боран соғады, күндіз көктайғақ болады. Желдің екпіні кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетеді.

Қостанай облысында түнде қар мен боран болып, көктайғақ күтіледі, солтүстік пен батыста қалың қар жаууы мүмкін. Күндіз де боран сақталады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с, кей аймақтарда 28 м/с-қа дейін күшейеді.

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде қар жауып, боран соғады, көктайғақ күтіледі. Бірқатар ауданда тұман болады. Желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерде 23 м/с.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында және таулы аймақтарында тұман түседі. Шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Осыған дейін күннің бұзылуына байланысты бірнеше бағыт бойынша қозғалысқа шектеу қойылғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар