16 тамызда елорда прокуратурасының басшылығы азаматтарды жеке қабылдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының прокуратурасы «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы мен әкімдікпен бірлесе отырып, азаматтарды жеке қабылдайды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

«2018 жылдың 16 тамызында, сағат 10:00 мен 16:00 аралығында Астана қаласының прокуратурасы «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы мен әкімдікпен бірлесе отырып, прокуратура, әкімдік, ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, мемлекеттік кірістер мен әділет департаменттерінің басшылығы және Ұлттық банктің филиалы өкілдерінің қатысуымен қала тіршілігінің көкейкесті сұрақтары бойынша жеке қабылдауы ұйымдастырылады» делінген хабарламада.

Қабылдау «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының ғимаратында алдын ала жазылу арқылы Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 3 мекен-жайында өткізіледі.

Алдын ала жазылу:

- Астана қалалық прокуратурасының байланыс телефондары 8 (7172) 712449, 712126;

- «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің байланыс телефоны 8 (7172) 361945 арқылы жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар