17 ақпан күні Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетовтың қала тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтеді
Әкімнің халықпен жүздесуі Конгресс-Холл сарайында (Бейбітшілік көшесі,1) таңертеңгі сағат 10.00-де басталады.
Қала басшысы қалыптасқан дәстүр бойынша 2010 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен елорданың жалпы экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштері туралы есеп беріп, алдыңғы жоспарлар жайында баяндайтын болады. Сондай-ақ, жиналған қауымның көкейлеріндегі түйткілді сауалдарына жауап береді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы орган басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдер халықпен жүздесулерін осымен жетінші жыл қатарынан ұйымдастырып келеді.
Еске салайық, өткен қаңтар айының 21-27 күндері жұртшылықпен осындай кездесулерін Астана қаласының Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандарының әкімдері өткізді.