17 қарашада еліміздегі қандай жолдар жабық

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі автожолдардың қазіргі жағдайы туралы мәлімет ұсынды.

трасса, закрыта дорога, метель, буран, снегоуборочные машины, қар тазалау машиналары, автожол, жол жабық, боран
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Компания дерегінше, Солтүстік Қазақстан облысындағы жолда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуіне байланысты барлық көлік түріне қозғалыс шектеуі ұзартылды.

Бұған дейін толассыз жауын-шашын және ауыр жүк көліктерінің көп жүруі салдарынан KZ15-08 «Тимирязево – Сарыкөл – облыс шекарасы» автожолының 0-30-шақырымында (Қостанай облысы шекарасы – Тимирязево ауылы) жол ойылып кеткен.

Қостанай қаласынан Тимирязев ауданына балама бағыттар:

• KAZ03 «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (айналма жолымен) – РФ шекарасы (Қайрақ бекеті)» – 553-768-шақырым;

• KAZ13 «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» – 673-786-шақырым;

• KZ15-05 «Волошинка – Сергеевка – Тимирязево» – 56-119-шақырым.

Жол шамамен 2025 жылғы 17 қараша сағат 11:00-де ашылады.

Сонымен қатар 5 қарашадан бастап тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде сақталады.

Бұл шара таулы жерде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданып, қыс маусымы аяқталғанға дейін күшінде болады.

Еске салайық, синоптиктер 17 қарашада еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейетінін болжаған еді.

 

Соңғы жаңалықтар