18 шілде күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 18 шілде күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА
9.00-де Ақмола облысының Ақкөл ауданында «Jańa Dala / Green Day 2024» арнайы мамандандырылған халықаралық көрмесі өтеді.
11.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін цифрландыру туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
14.00-де NU жанында жұмыс істейтін ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) «Қазақ тіліндегі үлкен тілдік модель (KazLLM) құру» тақырыбында брифинг өткізеді.
14.30-да KEGOC ғимаратында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев брифинг өткізеді.
14.30-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу» атты баспасөз конференциясы өтеді.
21.15-те «Нұрлы жол» вокзалында Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай стильдендірілген жолаушылар пойызы Астана – Жезқазған бағыты бойынша жөнелтіледі.