18 наурызда республика жолдарындағы ахуал қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
2026 жылғы 18 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, Қостанай облысында республикалық маңызы бар «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 385-501-шақырымы аралығындағы (Рудный қаласы – Денисовка кенті учаскесі) қозғалыс барлық көлік түрі үшін ашылды.
Жабық жолдар
Ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі республикалық автожолдарда қозғалы уақытша шектелді:
Атырау облысы
• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 337-346-шақырымы (Ақтөбе облысы шекарасы – Сағыз кенті).
Батыс Қазақстан облысы
• «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 393-526-шақырымы (Жымпиты кенті – Ақтөбе облысы шекарасы).
Ақтөбе облысы
• «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 526-710-шақырымы (Батыс Қазақстан облысы шекарасы – Күршасай кенті);
• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 11-337-шақырымы (Ақтөбе қаласы – Атырау облысы шекарасы);
• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-1153-шақырымы (Эко Ойл жанармай бекеті – Ырғыз кенті);
• осы жолдың 1153-1240-шақырымы (Ырғыз кенті – Қызылорда облысы шекарасы).
Қызылорда облысы
• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362-шақырымы (Ақтөбе облысы шекарасы — Арал қаласы).
Қостанай облысы
• «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 320-385-шақырымы (Бестөбе кенті – Денисовка кенті).
Павлодар облысы
• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелді.
Шығыс Қазақстан облысы
• Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қысқы маусым аяқталғанша сақталады.
Еске салайық, синоптиктер 18 наурызжа Қазақстанның 13 облысында ауа райына байланысты ескерту жасады.