18 шілде күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 18 шілде күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None

10.00-де «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз конференциясы өтеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев компанияның мұнай өңдеу зауыттарының қазіргі жағдайы туралы айтып, аталған бағыттың дамуына қатысты компанияның жоспарларымен бөліседі.

11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Елорданы газбен қамту жұмыстары туралы» онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

15.00-де Астана қаласы мәслихатының отырысы өтеді. Күн тәртібінде Астана қаласының білім беру жүйесінің мәселелері қаралады.

16.00-де Астана қаласы мәслихаты жерлеу орындарын күтіп-ұстау, «салттық қызметтерді цифрландыру» жобасы бойынша отырыс өткізеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясы қойылады.


Соңғы жаңалықтар