19 қаңтар күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 19 қаңтар күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

анонс
Фото: Pixabay

10.00-де ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді.

11.00-де Астана қаласы мәслихатында елордалық кәсіпкерлер бөлшек салық мөлшерлемесін 2%-ға дейін төмендету ұсынысын талқылайды.

11.00-де Сығанақ көшесі, 70 мекенжайында Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры Қазақстандағы Internews өкілдігімен және «Құқықтық медиа-орталық» ҚҚ серіктестікте «Масс-медиа туралы» Заң жобасы Қазақстанда сөз бостандығы мен ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ете ме?» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізеді.

11.00-де ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ еңбек нарығы бойынша «Болашақтың жұмыс күші: Қазақстанның еңбек нарығындағы жастар» атты үшінші ұлттық баяндамасын таныстырады.

12.30-да ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдау факторларын түсіндіру үшін баспасөз брифингін өткізеді.

14.00-де «Мемлекет басшысы реформаларын құқықтық қамтамасыз ету: ел Президентінің Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбаты аясында» атты дөңгелек үстел өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Digital Almaty 2024 халықаралық VI цифрлық форумы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гауһартас» музыкалық драмасы қойылады.

19.00-де Қазақконцерт орталығында Классикалық музыка кеші өтеді.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Шәмші» элегиясы қойылады.

Соңғы жаңалықтар