2 қазан күні Астана мен Алматыда өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 2 қазанда болатын маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА
9:30-да «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ және «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры жыл сайынғы ұлттық қайырымдылық конференциясын өткізеді.
10:00-де-ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
10:00-де Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы шақырылады.
16:00-де онлайн-форматта Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының қоғамдық көшбасшылық академиясы «Әйелдер және көшбасшылыққа алғашқы қадам» шеберлік сыныбын өткізеді.
АЛМАТЫ
11:00-де «Мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін ескеріп, климаттың өзгеруінен туындаған ТЖ кезіндегі инклюзивті стратегияларды талдауды әзірлеу» инновациялық жобасының қорытындысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.