20 желтоқсанда елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі ертең (20 желтоқсан) Қазақстанда өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА
10:00-де Ұлттық кәсіпкерлер палатасында көлік тасымалы ережелері талқыланатын дөңгелек үстел өтеді. Күн тәртібінде ҚР Көлік министрлігінің жаңа ережелері қаралады.
10:00-де «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде «Ұлттық спорт жоғары мектебі» қорытынды есептік конференция өткізеді.
11:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы» туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
14:00-де «BAYTAQ» партиясының кеңсесінде «BAYTAQ» жасылдар партиясы, «Atomic Industry Development Association» (AIDA), және «Парасат» кәсіпкерлер альянсы қауымдастығы атом энергиясын дамыту және ынтымақтастық саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қояды.
15:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы» туралы баспасөз мәслихаты өтеді.