20 жыл ішінде төтенше жағдайлар қызметі 1 млн шақыртуға шыққан - В.Божко (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда азаматтық қорғаныс ісіне 20 жыл толып отыр. Осы жиырма жыл ішінде төтенше жағдайлар қызметі 320 мыңнан аса азаматты құтқарған. Бұл туралы бүгін Азаматтық қорғаныс қызметінің 20 жылына арналған салтанатты жиын барысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко мәлім етті.
None
None

«1995 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайларда әрекет ететін орган құрылған еді. Осы 20 жыл ішінде төтенше жағдайлар қызметі 320 мыңнан аса адамды құтқарып, әртүрлі жағдайларда зардап шеккен 30 мыңнан астам адамға медициналық көмек көрсетілген. Жалпы, апатты-құтқару жұмыстары үшін 1 млн рет шақыртуға шыққан», - деді В.Божко. Жалпы, азаматтық қорғаныс саласында жұмыс істейтін әр қызметкер сан түрлі төтенше жағдай кезінде басын қатерге тігетінін айта келе, В.Божко ең ірі апаттарты еске алды. «Қазақстанның азаматтық қорғаныс саласы құрылғаннан бергі ең ірі құтқару операцияларын атасам, ол - Түркиядағы ірі жер сілкінісі, 90-шы жылғы Зайсан жер сілкінісі, 2003 жылы Жамбыл облысының Луговой стансасындағы жер сілкінісі, 2010, 2011, 2012, 2014 жылдардағы және осы жылдың көктемінде болған су тасқындары. Апатты құтқару қызметінен басқа өрт сөндірушілердің де аса қауіпті жұмыстары туралы айтпай кетпеске болмас. Өрт сөндірушілер жыл сайын 1,5 мың адамды құтқарып, 20 мыңнан астам адамды жалын ошағынан көшіреді, жалпы, жылына 5 мың рет өрт сөндіру туралы шақырту алады», - дейді бұрын төтенше жағдайлар министрі болған В.Божко.

Соңғы жаңалықтар