2011 жылы Ақтөбеде 200 мыңдай көшет отырғызу жоспарлануда

АҚТӨБЕ. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбелік жастар көтерген «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» акциясы 2011 жылы да жалғасын табады.
None
None

Тек қана Ақтөбе қаласының өзінде биыл 200 мыңдай көшет отырғызу жоспарлануда. Қала өкіметі соңғы жылдары абаттандыру және көгалдандыру мәселесіне көбірек назар аударып келеді. 4 ақпанда өткен есептік кездесуде қала әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім еткендей, облыс орталығында гүлзарлар мен көгалдардың ауқымы кеңейіп, отырғызылған ағаштар саны артып келеді.

«Егер 2009 жылы қалада 15 мың ағаш отырғызылса, 2010 жылы 25 мың көшет отырғызылды, оның 14 мыңдайы Орталық саябаққа отырғызылды. Ал биыл 200 мыңдай көшет отырғызу ойымызда бар», деді әкім өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар