2012 жылы елорданың жалпы ішкі өнімі 8 пайызға өсті - И. Тасмағамбетов

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау нәтижесінде өткен жылы 1 трлн. 52 млрд теңгенің өнімі өндірілді.
None
None

Бұл туралы бүгін Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов халықпен есепті кездесуі барысында мәлім етті.

«Мәселен былтырғы жыл бойынша қаламыздың жалпы ішкі өнімі 8 пайызға өсіп, 2 трлн. 400 млрд. теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнімі 196 млрд. теңгені құрады. Инвестиция 616 млрд. теңге мөлшерінде болды, сондай-ақ орташа жалақы көлемі 141 мың теңгені құрады», - деді әкім.

Оның сөзіне қарағанда, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау нәтижесінде өткен жылы 1 трлн. 52 млрд теңгенің өнімі өндірілген көрінеді. Бұдан бөлек, елордада соңғы 3 жылда 100-ден астам балабақша, 10 мектеп, 8 емхана, 4 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды.

Соңғы жаңалықтар