14:16, 08 Қараша 2013 | GMT +5
2015 жылға қарай Ақтөбе облысы елді мекендерінің 90 пайызы газбен қамтамасыз етіледі - А. Мұхамбетов
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - 2015 жылға қарай Ақтөбе облысы елді мекендерінің 90 пайызы газбен қамтамасыз етіледі.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған өңірдің әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті. Әкімнің сөзіне қарағанда, өңірдегі 12 ауданның сегізіне газ тартылған. Үш ауданда осы бағыттағы тиісті жұмыс жүргізілуде және алдағы екі жылда аяқталады деп жоспарлануда. «Бір аудан қалып отыр. Қазіргі кезде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеудеміз. Атап айтқанда, үш жылдың ішінде газ тартуды жоспарлап отырмыз»,-деді А. Мұхамбетов. Облыс әкімінің айтуынша, елді мекендердің 10 пайызы газбен қамтылмаған. Алайда бұл ауылдарда халық саны жыл өткен сайын қысқаруда. Сондықтан да бұл жерлерді газбен қамту жұмыстарында басымдықтар ескерілетін болады.