10:54, 23 Ақпан 2016 | GMT +5
2016 жылы ОҚО-да 2 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Шымкентте «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 4271 пәтерлі 74 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі

баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.
Өңірде тұрғындарды баспанамен қамту мәселесіне тоқталған әкім: «2015 жылы Шымкентте «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 4271 пәтерлі 74 тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал осы жылы облыс бойынша 1 816 пәтерлік 115 үйді тапсыру көзделген»,-деді.
Оның сөзіне қарағанда, биыл тапсырылатын үйлердің 35-і, яғни 1260 пәтер Шымкент қаласында пайдалануға беріледі.
Таратылған мәліметке қарағанда, 2015 жылы 104 білім ошағының құрылысы жүріп, 66-сы тапсырылды. Нәтижесінде, 30 апатты, сондай-ақ үш ауысымдағы 3 мектептің мәселесі шешілді.