14:01, 23 Ақпан 2016 | GMT +5
2020 жылға дейін ОҚО-да барлық қала халқы орталықтандырылған сумен қамтылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылға дейін ОҚО-да барлық қала халқы орталықтандырылған сумен қамтылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

«2015 жылдың қорытындысы бойынша қала халқының 91,7 пайызы, ауыл халқының 71,1 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Жалпы, орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша біздің облысымыз республикада 4 орында. 2020 жылға дейін ауыз сумен қала тұрғындарының - 100 пайызы, ауыл тұрғындарының - 80 пайызы қамтылмақ»,-деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, ол бүгінде 268 елді мекен немесе 1,6 млн. тұрғын (57,7%) газбен қамтылғанын атап өтті. Мұнымен қоса, өңірде электр энергиясы тапшылығын болдырмау бағытында тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.