2024 жылдың алғашқы 3 айында Өзбекстанға 260 мыңнан астам қазақстандық турист барған

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Қаңтар-наурыз айларында Өзбекстанға 1 миллион 519,3 мың турист барған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,7 мың адамға немесе 2,1 пайызға жоғары.

Турист
Фото: Pyxabay.com

Олардың басым көпшілігі Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан азаматтары. Бұл туралы мемлекеттегі Статистика агенттігінің ақпарат қызметі хабарлады.

Жылдың алғашқы 3 айында ең көп туристер Тәжікстаннан (536,5 мың), Қырғызстаннан (442 мың) және Қазақстаннан (262,6 мың) барған.

Сондай-ақ, елге Ресейден 134 200, Түркіменстаннан 31 000, Түркиядан 21 500, Үндістаннан 11 600, Қытайдан 10 000, Оңтүстік Кореядан 7 600 және Германиядан 3 800 турист келген.

Басқа елдердің үлесіне 58 500 турист тура келді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Өзбекстан 2,2 млн қазақстандық туристі қабылдауға ниетті.

Соңғы жаңалықтар