2025 жылға қарай Ақтөбе облысында 114 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Министрдің айтуынша, Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын іске асыру 2025 жылға қарай 114 мың жаңа жұмыс орнын құруды, шамамен 5,8 трлн жеке инвестицияларды тартуды қамтамасыз етеді.
«Өңдеу өнеркәсібінің көлемі - 21,6 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімдері - 37 пайызға, жақсы және қанағаттанарлық жергілікті жолдардың үлесі – 34 пайызға, халықтың ақшалай табыстары - 41,8 пайызға, тұрғын үйлерді пайдалануға беру – 21 пайызға және құрылыс жұмыстарының көлемі 60,7 пайызға өседі. Жалпы өңірлік өнімнің нақты өсімі 27,4 пайызға артады», - деді Әсет Ерғалиев.
Оның атап өтуінше, кешенді жоспарды іске асыру өңірдің дамуына сапалы жаңа серпін беруге, экономикасын әртараптандыруға және инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.
«Орта мерзімді перспективада жалпы өңірлік өнімнің жыл сайынғы өсімі 5-6 пайызға артады. Жоғарыда аталған кешенді жоспардағы жобаларды іске асыру келешекте халықтың әл-ауқатын жақсартуға оң әсер етеді», - деді ол.