2025 жылы QazaqGaz компаниясы IPO-ға шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат – QazaqGaz компаниясы IPO-ға шығуға дайындалып жатыр. Бұл туралы аталған компанияның басқарма төрағасы Санжар Жаркешов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
None
Фото: АО "КазТрансГаз"

«Бұл бағытта 2025 жыл белгіленген. IPO-ға қаржы нарығы ықпал ететіні белгілі. Сондықтан тиісті қадамдарды табысты іске асыру үшін дұрыс жоспарды құру маңызды. Себебі әлемде қаржы саласында және геосаяси бағытта өзгерістер көбейіп кетті. Осы орайда IPO-ға ұтымды түрде шығуға ерекше мән береміз», - деді С. Жаркешев Астана халықаралық форумы барысында тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада 8-9 маусым аралығында «Астана халықаралық форумы» өтеді. Халықаралық іс–шара аса маңызды жаһандық мәселелерді шешуге және еларалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған.

Бүгінгі форум аясында QazaqGaz компаниясы өзінің газ саласындағы жаңа стратегиясын таныстырады.


Соңғы жаңалықтар