2026 жылдан бастап сыра өнімдері таңбаланады

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда сыра мен сыра өнімдеріне міндетті таңбалау енгізіледі. Бұл туралы Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлім етті. 

сыра
Фото: Pixabay

Ведомствоның мәліметінше, таңбалау кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап сыра құйылған бөшкелерде және бөтелкелерде шығарылатын сыра мен сыралық сусындар таңбаланады. Ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап банкалардағы өнімдерге таңбалау енгізіледі.

Мемлекеттік кірістер органдары өндірушілер мен импорттаушыларды бұл талаптарға алдын ала дайындалуға, таңбалау процесін бизнес жүйесіне енгізуге және белгіленген мерзімде талаптарды орындауға шақырады.

Белгілеу және тауарлардың қадағалану жүйесіне тіркелу, код алу және техникалық қолдау мәселелері бойынша нарық қатысушылары бірыңғай операторға 8 800 080 65 65 нөмірі арқылы хабарласа алады (қоңырау тегін).

Сондай-ақ қатысушылар онлайн оқыту курстарынан өте алады:

– 10 желтоқсан 2025 жыл (сәрсенбі), сағат 11:00 – өндірушілерге;

– 11 желтоқсан 2025 жыл (бейсенбі), сағат 11:00 – импорттаушыларға;

– 11 желтоқсан, сағат 16:00 – көтерме сауда өкілдеріне;

– 12 желтоқсан 2025 жыл (жұма), сағат 16:00 – бөлшек саудаға.

Бұған дейін Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау тетігі жаңартылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар