2026 жылдың 1-тоқсанында LRT ресми іске қосылады – Жеңіс Қасымбек

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылдың 1-тоқсанында LRT ресми іске қосылады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.

В Астане завершены основные работы на первых шести вагонах для LRT
Фото: CTS

- Жалпы, жаздың соңына дейін пойыздардың бәрі қалаға жеткізіледі. Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады және күздің басында пилоттық режимде іске қосу және жөндеу жұмыстарын бастаймыз. 3-тен 6 айға дейін уақыт керек. Біздің жоспарымыз бойынша келесі жылдың 1-тоқсанында бұл көлік ресми түрде жұмысын бастайды, - деді ол Ақордада БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, 30 мамырда Ақордада БАҚ өкілдері бірінші вице-премьер Роман Склярдан LRT қашан пайдалануға берілетінін сұраған еді. Сауалға жауап берген ол қаржыландырудың бар екенін, жақында тестілік режимде іске қосу жүргізілетіндігін айта келе, LRT ресми түрде келесі жылдың соңында қосылатынын айтқан болатын. 

24 мамырда Қытайдың Таншань қаласында Астана қаласына арналған LRT вагондарының алғашқы екі құрамы жіберілді. Таншань қаласындағы зауытта жоба аясында барлығы 19 бірлік жылжымалы құрам жасалады. Заманауи, төрт секциялы, жүргізушісіз жүретін, автоматтандырудың төртінші деңгейіндегі вагондардың әрқайсысы 650 жолаушыға арналған.

Соңғы жаңалықтар