2026 жылғы ӘЧ матчтарына билет бағасы белгілі болды: футбол жанкүйерлері ашулы

АСТАНА. KAZINFORM – Football Supporters Europe халықаралық жанкүйерлер қауымдастығының есептеуіне сәйкес, АҚШ-тағы матчтардың бағасы Қатарда 2022 жылы өткен әлем чемпионаты матчтарымен салыстырғанда бес есе өсті, деп хабарлайды DW ақпарат агенттігі. 

Объявлена стоимость билетов на матчи ЧМ-2026: футбольные фанаты возмущены
Фото: DW

Football Supporters Europe Халықаралық жанкүйерлер қауымдастығының мәліметінше, ӘЧ финалына билеттер бағасы – 4185 доллардан (шамамен 2,2 млн теңге) бастап 6900 долларға (шамамен 3,6 млн теңге) дейін.

Ұйым ФИФА-ны осы бағалар үшін сынап, билеттерді сатуды тоқтатып, бағаларды түзетуді талап етті.

Қатарда 2022 жылғы әлем чемпионатымен салыстырғанда, АҚШ-тағы әлем чемпионаты матчтарының бағасы бес есе өсті. Мысалы, 2022 жылғы әлем чемпионатының финалына билеттің құны 604 доллар болды, ал АҚШ-та ол 4185 долларға бағаланған.

Ұлттық жанкүйерлер қауымдастығы мүшелерінің көп жағдайда жанкүйерлер секторы үшін ең арзан 4-санаттағы билеттерге қол жеткізе алмайтыны қатаң сынға алынды. Қауымдастық мәліметінше, ФИФА бұл билеттерді өз тарихында алғаш рет динамикалық баға белгілеумен еркін сатылымға шығарып отыр.

- Бұл әлем чемпионаты дәстүрлеріне үлкен опасыздық және жанкүйерлердің осы көрініске қосқан үлесін елемеу, - делінген FSE мәлімдемесінде.

Ұлттық футбол қауымдастықтарының мүшелеріне 2026 жылғы әлем чемпионатына билеттерді сату қаңтар айында басталады деп жоспарланған. Турнирдің өзі 2026 жылдың 14 маусымы мен 19 шілдесі аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді деп жоспарланған.

Осыған дейін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы 19 шілдеде сағат 15:00-де Нью-Джерси штатының Ист-Ратерфорд қаласындағы «Метлайф» стадионында өтетінін жаздық. 

Соңғы жаңалықтар